Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Әлем

Қырғызстанда саяси мәлімдеме: депутат Тәшиевтің қызметтен кету себебін атады

Қырғызстанда саяси мәлімдеме: депутат Тәшиевтің қызметтен кету себебін атады
Откурбек Рахманов / 24.kg

Қырғызстан Жогорку Кенешінің депутаты Эльвира Сурабалдиева сұхбатында елдің Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Қамшыбек Тәшиевтің қызметтен босатылуына қатысты өз пікірін білдірді. Бұл туралы Vesti.kg хабарлады.

Депутаттың айтуынша, Тәшиевтің орнынан кетуіне мемлекеттік төңкеріс жасау әрекеті себеп болуы мүмкін. Сонымен қатар оның бостандықта жүруін президенттің кешірімділігімен байланыстырды.

"Президент өте кешірімді адам. Мүмкін, Тәшиевті аяйтын шығар, себебі олар бұрыннан дос. Нақтысын білмеймін, бірақ президент үшін бұл ауыр жағдай, өйткені жақын досы оны қызметінен тайдыруға әрекет жасаған", – деді Сурабалдиева.

Оның мәліметінше, бұл оқиғаларға дайындық ұзақ уақыт бойы жүргізілген. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүріп жатыр, ал күдікке ілінгендердің бірқатары ұсталып, кейбірі тергеуде.