Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Әлем

Жерге алып астероид жақындап келеді: Ғалымдар қандай болжам жасады?

Жерге алып астероид жақындап келеді: Ғалымдар қандай болжам жасады?
Mikael Damkier / Shutterstock

2029 жылдың сәуір айында Жерге көлемі шамамен 350 метр болатын астероид жақындайды, деп Arasha.kz тілшісі РБК басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Мамандардың айтуынша, мұндай көлемдегі ғарыш нысаны гипотетикалық түрде Жермен соқтығысса, айтарлықтай зиян келтіруі мүмкін. Салыстыру үшін, Тунгус метеориті шамамен 2 мың шаршы шақырым аумақта орманды жойса, диаметрі небәрі 22 метр болған Челябинск метеориті атмосферада қуатты жарылыс тудырған.

Астрофизик Александр Ивановтің айтуынша, Челябинск метеоритінің жарылысы бірнеше атом бомбасының қуатына тең болса, Тунгус оқиғасының қуаты шамамен 50 мегатоннаға жеткен. Ал жаңа астероидтың көлемі одан да ірі.

Ғалымдар айтып отырған нысан – Апофис астероиды. Ол 2029 жылы Жерден шамамен 32-38 мың шақырым қашықтықта өтеді.

Астрономдар мұндай жақындау қауіпті болып саналатынын атап өтсе де, Пулково обсерваториясының зерттеушісі Георгий Гончаров соқтығысу қаупі жоқ екенін нақтылады.

Оның сөзінше, астероид Жерге соқпайды, бірақ геостационарлық спутниктер аймағы арқылы өтеді. Бұл кейбір байланыс немесе телехабар тарату жүйелеріне ықпал етуі мүмкін, алайда нақты қауіп болжанбайды.

Айта кетейік, Апофис астероиды 2003 жылы ашылған. Ғалымдардың мәліметінше, 2029 жылдың 13 сәуірінде оны Жерден жай көзбен де көруге болады.