Таңертең Ақмола облысы Аршалы ауданына қарасты Жібек жолы ауылындағы сүт кәсіпорнында газ-ауа қоспасы жарылды, деп хабарлайды Arasha.kz.
Өрт пен қираудың алды алынғанымен, екі жұмысшы ауыр күйік алып, шұғыл түрде Астана қаласындағы ауруханаға жеткізілді, деп мәлімдеді Sinegor.kz.
Алдын ала мәлімет бойынша, оқиғаға қоймадағы газдың шығуы себеп болған. Ол жерге отын кәсіпорынның жерасты резервуарынан жеткізіледі.
Жарылыс салдарынан зардап шеккен екі адамның қолы, аяғы және беті күйіп, денесінің 40 пайызға дейін зақымданған. Олар күйік шогы жағдайында ауруханаға жатқызылды. Оқиғаның мән-жайын полиция мен тиісті қызметтер анықтап жатыр.