Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Ақмола облысы

Көкшетауда жол талғамайтын көлік үйдің ауласында әйелді басып кетті

Көкшетауда жол талғамайтын көлік үйдің ауласында әйелді басып кетті
Сурет: видеодан скрин

Көкшетауда жол талғамайтын көлік әйелді қағып өлтірді. Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Arasha.kz сайты ҚазТАГ-қа сілтеме жасап.

«Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу аясында оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - деп хабарлады сенбі күні Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Бұған дейін қала мөлтек аудандарының бірінде болған қайғылы оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде тараған болатын. Бейнежазбада жол талғамайтын көліктің бұрылыста әйел адамды қағып, үстінен басып өткені көрінеді. Көлік тоқтағанымен, зардап шегуші машинаның астында қалып қойған.