Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Алматы

Алматыдағы дәмханалардың бірінде сатылған самсадан ветеринарлық чип табылды

Алматыдағы дәмханалардың бірінде сатылған самсадан ветеринарлық чип табылды
Сурет: әлеуметтік желіден

Алматы тұрғыны әлеуметтік желі қолданушыларын тосын олжасымен таңғалдырды. Ол дәмханадан алған самсадан жануарларға арналған чипті байқап қалған, деп хабарлайды Arasha.kz.

Әйелдің айтуынша, өзі мен жақындары көптен бері сүйекті самсаның дәмін татуды армандап жүрген. Алайда күткен ас орнына жағымсыз жағдайға тап болған, деп жазды ZTB телеграм арнасы.

Оқиғадан кейін аталған мекеме ет цехынан түсірілген түсіндірме видеоны жариялап, тек ауыл шаруашылығы жануарларының етін пайдаланатынын мәлімдеді. Табылған заттың расында да ветеринарлық чип екені расталған. Мұндай чиптің ішінде жануардың иесі, вакцинация тарихы және күтіп-бағу жағдайы туралы мәліметтер сақталады.

Дегенмен дәмхана өкілдері чиптің дайын тағамның ішіне қалай түсіп кеткенін нақты түсіндірмеді. Сондай-ақ, егер оны тұтынушы байқамай жұтып қойса, қандай салдар болуы мүмкін екені де айтылмады.