Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Астана

Астанада Жеңіс күніне орай ардагерлерге қандай төлем түрлері берілетіні айтылды

Астанада Жеңіс күніне орай ардагерлерге қандай төлем түрлері берілетіні айтылды
Сурет: Астана әкімдігі

Елорда ардагерлеріне 9 мамыр – Жеңіс күнінің құрметіне дәстүрлі түрде біржолғы әлеуметтік төлемдер қарастырылған, деп хабарлайды Arasha.kz.

Астана қаласы мәслихатының 2023 жылғы 3 қазандағы № 84/10-VIII шешімімен бекітілген «Астана қаласында әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасына» сәйкес 9 мамырға ардагерлерге бір реттік әлеуметтік төлемдер қарастырылған.

Сонымен ҰОС ардагеріне 5 млн теңге мөлшерінде төлем берілді.

Сол сияқты өзге де мынандай төлемдер жасалды:  * жеңілдіктер бойынша ҰОС теңестірілген ардагерлер, Чернобыль атом электр станциясы апатының зардаптарын жоюға қатысушылардан басқа (ҰОС кезінде қызмет еткен әскери қызметкерлер; фашистік Германияға қарсы соғыс қимылдарына қатысқан адамдар; Ленинград қаласындағы блокада кезінде жұмыс істеген азаматтар; концлагерьлердегі, геттолардағы және басқа да мәжбүрлеп ұстау орындарындағы кәмелетке толмаған тұтқындар; әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынақтардың салдарынан мүгедек болған адамдар және мүгедектігі ата-анасының бiрiнiң радиациялық сәуле алуымен генетикалық байланысты олардың балалары) 476 адам – 45 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде (194 625 теңге); * басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, Ауғанстандағы ұрыс қимылдарының ардагерлерінен басқа (Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын қорғауға қатысқан әскери қызметшілері; Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілері; Таулы Қарабахтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары) 1167 адам – 45 АЕК (194 625 теңге) мөлшерінде; * Қазақстан Республикасының «Ардагерлер туралы» Заңының күші қолданылатын басқа да адамдар (тыл еңбеккерлері, қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасылары; Ұлы Отан соғысының қайтыс болған мүгедегінiң әйелдері) 1753 адам – 15 АЕК мөлшерінде (64 875 теңге).
 Астанада 9 мамырға орай барлығы 3398 адамға біржолғы әлеуметтік төлем берілді.

Сонымен қатар, Ұлы Отан соғысы ардагеріне және жеңілдіктер бойынша ҰОС теңестірілген ардагерлер жергілікті бюджеттен келесідей әлеуметтік көмек түрлері қарастырылған: • ай сайын коммуналдық қызметтерді төлеуге ақшалай төлемдер; • тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету; • қалалық жолаушылар көлігінде жеңілдікті жол жүру • санаторлық-курорттық емделу.