Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Әлем

"Бұдан да жойқын соққы жасаймыз": Трамп Иранға қоқан-лоқы жасады

"Бұдан да жойқын соққы жасаймыз": Трамп Иранға қоқан-лоқы жасады
Tasos Katopodis/Getty Images. Суретте: Дональд Трамп

АҚШ президенті Дональд Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде Иранға қатысты қатаң мәлімдеме жасап, Тегеран келісімге қол қоймаса, жаңа шабуылдар жасалуы мүмкін екенін ескертті, деп хабарлайды Arasha.kz.

Ақ үй басшысы жуырда болған соққылар алмасуына пікір білдіріп, америкалық эсминецтерге жасалған шабуыл туралы айтты. Оның сөзінше, АҚШ әскери кемелері ешқандай зақым алмаған, ал Иран тарапы үлкен шығынға ұшыраған.

"Біздің эсминецтерге зымырандар ұшырылды, бірақ олардың барлығы оңай жойылды. Дрондар да әуеде бірден атып түсірілді. Олар мұхитқа өте әдемі құлады", – деп жазды Трамп.

Сондай-ақ ол бұл эсминецтердің блокадаға қосылатынын мәлімдеді.

АҚШ президенті Иран келісімге тез арада қол қоймаса, Вашингтон бұдан да қатаң әрі жойқын соққы жасайтынын айтты.

"Қалыпты мемлекет бұл эсминецтердің өтуіне кедергі жасамас еді. Бірақ Иран – қалыпты ел емес. Оларды есінен адасқан адамдар басқарып отыр. Егер олардың ядролық қару қолдануға мүмкіндігі болса, еш ойланбастан пайдаланар еді. Бірақ ондай мүмкіндікке ешқашан ие болмайды", – деді Трамп.