Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Саясат

Путин: Армения ЕО-ға мүшелікке өткізі келсе референдум өткізсін

Путин: Армения ЕО-ға мүшелікке өткізі келсе референдум өткізсін
Сурет: видеодан скрин

Ресей Армения халқына тиімді кез келген шешімді қолдайды, бірақ Арменияның Еуропалық Одаққа (ЕО) немесе Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) қатысу мәселесі бойынша референдум өткізуі қисынды болар еді. Бұл туралы РФ президенті Владимир Путин журналистерге берген сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.

«Бұл біздің шаруамыз емес, бірақ негізінде референдум өткізіп, Армения азаматтарынан олардың таңдауы қандай болатынын сұрау әбден қисынды болар еді. Соған сәйкес біз де тиісті қорытынды жасап, «ажырасудың» жұмсақ, мәдениетті әрі өзара тиімді жолымен жүрер едік», - деп атап өтті Ресей лидері.

Сондай-ақ, Путин ЕАЭО-ның кезекті саммитінде Арменияның еуроинтеграция жоспарларын талқылауға шығару мүмкіндігін жоққа шығармады.

«Арменияның Еуроодаққа қосылу жоспарына келетін болсақ, бұл мәселе ерекше қарастыруды талап етеді. Біз бұны Премьер-министр (Арменияның) Никол Пашинянмен бірнеше рет талқыладық. Бұл жерден ерекше ештеңе көріп тұрған жоқпыз», - деді Путин сәрсенбі күні журналистерге.