Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Саясат

9 мамырда Мәскеуге қай елдің басшылары келетіні белгілі болды

9 мамырда Мәскеуге қай елдің басшылары келетіні белгілі болды
Сурет: видеодан скрин

Жеңіс күнін мерекелеуге Мәскеуге Беларусь президенті Александр Лукашенко, Лаос президенті Тхонглун Сисулит, Малайзияның Жоғарғы билеушісі сұлтан Ибрагим және Словакия премьер-министрі Роберт Фицо келеді. Бұл туралы Кремль сайтында жарияланды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Бұдан бөлек, Мәскеуде Серб Республикасының (Босния және Герцеговина құрамына кіреді) өкілдері мен өзін-өзі жариялаған Абхазия және Оңтүстік Осетия президенттері болады. «Біз өткен жылғыдай шетелдік қонақтарды мерекеге арнайы шақырған жоқпыз», - деді Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаков («РИА Новости» сілтемесімен).

2025 жылы  Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығында  Мәскеудегі парадқа 20-дан астам мемлекет басшысы келген болатын. 2024 және 2023 жылдары шетелдік лидерлер саны аз болды, бірақ олардың арасында Орталық Азияның бірнеше елінің президенттері болған еді.

2022 жылы Ресей Украинаға кең ауқымды басып кіруді бастаған кезде, Мәскеудегі парадқа бірде-бір шетелдік лидер келген жоқ. Ол кезде де Кремль ешкімді шақырмағанын мәлімдеген.

Биыл Қызыл алаңдағы парад соғыс басталғалы бері алғаш рет әскери техникасыз, суворовшылар мен нахимовшыларсыз өтеді. Кремль мұндай «ықшамдалған форматты» Украина тарапынан болатын шабуыл қаупімен және биылғы жылдың мерейтойлық жыл еместігімен түсіндіреді. 9 мамырда Мәскеуде мобильді интернет толығымен өшіріледі.