Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Саясат

Тоқаев жұмыс сапарымен Қарағанды облысына барды

Тоқаев жұмыс сапарымен Қарағанды облысына барды
Видеодан кадр: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2 қарашада жұмыс сапарымен Қарағанды облысына келді. Мемлекет басшысы сапар барысында Теміртау қаласындағы бірқатар әлеуметтік және өндірістік нысанды аралап, өңірдің даму барысымен танысады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Президенттің баспасөз қызметінің мәліметінше, жұмыс сапары аясында мемлекет басшысы Қарағанды облысының әлеуметтік-экономикалық даму қарқынына назар аударады.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Теміртау қаласындағы өндірістік кәсіпорындар мен әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысады деп жоспарланған.

Сапар барысында өңірдегі өнеркәсіп саласының қазіргі жағдайы мен әлеуметтік инфрақұрылым мәселелері қаралмақ.