Контентке өту
Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Тұлға тұғыры

Тоқаев Әлихан Бөкейханов туралы жазды.

Тоқаев Әлихан Бөкейханов туралы жазды.

Бүгін – тарихи тұлға Әлихан Бөкейханның туғанына 155 жыл, деп жазды Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында.

«Бүгін – тарихи тұлға Әлихан Бөкейханның туғанына 155 жыл. Ол – халқымыздың біртуар перзенті, Алаш қозғалысының негізін қалаушы. ХХ ғасыр басында Әлихан бастаған қазақ зиялылары ұлттық мүдде жолында аянбай еңбек етіп, мемлекетшілдіктің озық үлгісін көрсетті», — деді мемлекет басшысы.

Ел президенті биылғы мерейтойларға ерекше көңіл бөлуді тапсырған еді.

Әлихан Бөкейханов — қоғам және мемлекет қайраткері, «Алаш» ұлттық-демократиялық партиясының ұйымдастырушысы және Көшбасшысы, Тұңғыш Қазақ ұлттық үкіметінің басшысы, ғалым, публицист. Ол өмірін қазақ халқының бостандығы мен саяси тәуелсіздігі үшін күреске арнады.

Бөлісу