Logo
Іздеу
Айдарлар

Желтоқсан: Қайрат Рысқұлбековтың түрмедегі хатының толық мәтіні

/
Желтоқсан: Қайрат Рысқұлбековтың түрмедегі хатының толық мәтіні
Фото: ашық дереккөзден алынды

«Алаңда қазақ қыздарын ұрып-соғып жатыр» дегенді ести сала алаң көңілін арқалап жеткен жігіттеріміздің аз болмағандығына желтоқсан көтерілісі туралы шыққан естеліктерді, бұқаралық ақпарат құралдары материалдарын және 10 томдық «Конституциялық Соттың желтоқсан оқиғасы туралы ісін» мұқият зерттегендер көз жеткізер еді. Әрі алаңдағы арпалыста қаймықпай қайтпай кете алмай, қайта қасарыса жігіттердің жігерін жанғышқан, намысын қайраған, рухын көтерген және қорғаныс үшін пайдаланылатын заттарды жігіттерге жеткізіп беріп, жаралының таңған да арулар болатын. Иә, қазақ қыздарының әпішейінде буып жатқан бұл бүкіл бүкіл хылықтың, жігіттер қауымына күш берді, арқаландырады, атқа қондырады. Тілегін біреу – бейбіт шешім. Бірақ айтқанға көніп, айдағанға жүрмей тірескен жастар ауысып қарсышылыққа тап болды. Батырға да жан керек. Қарулы жігіттер қыздарды қаумалай қашқанымен, дүрмектің соңында қашып қойған қауқарсыз аруларды «аяқтан шалып құлатып, шаштан сүйреп апарып, көлікке тықтыру» әуейіннен алған қасқыр жалауылар көмекке келген жігіттерді де шамасы жетсе шаужайынан шап беруге тырысты. Дегенмен, жүректі де, білекті Қайрат Рысқұлбеков сынды қазақтың батыр ұлдары әлуметтік пен әділетсіздікке қарсы күресте қарсы келгенді қақыратып, қарындасын арашалап алды. Оны Қайрат өзінің түрмеде отырып жазған мына хатында мақтанышпен айтады:

«Өздеріңізге әбден белгілі, яғни, мен сорлының жазықсыздан-жазықсыз, адам тұрмақ тышқан үрмейтін да қаптанғы сорлағанымның, өздеріңіз төрлапандарыңыздың оларға қала берді, түйенің көлеңкесі түйедей жала жабумен ақыры, ату жазасын алғанымды».

Иә, мен сіздерден еш жасырмаймын, мен 18 желтоқсан 1986 жылы алаңға бардым, көпшіліктің бірі. Барғанда да Қонаевтың күйтеті бармаған жоқпын. Тек қана, ол жерге барған себебім, бар мақсатым, біріншіден, ол жерде не болып, не істеп, не көйіп жатқанын өз көзіммен көру болды. Екіншіден, алаңда 

қазақтың уыздай жас қыздарын ұрып-соғылып, өлтіріп жатыр дегенді елден естіген соң, өз басым қолымды жайып «құл болмасам, бұл бол» деп отырырған еркектің ар-намыс­ым шү сетті еді. Ер қатарында әр қара болса, қайраты бар сапасы жоқ болса, епбеңдеп жүрген намыссыз еркек мен емес­пін, құдайға шүкіршілік, менің де көркейген кеудеме нағыз ерге лайық «намыс» баршылық.

Оның үстіне «қыздың жолы жіңішке» деген. Менің түсінігімше, әйел адамға ер адамдар тұрмақ, ер анаңдардың, хайуан­дардың еркегі де ұрғашысына мүйіз я болмаса тұяғын көтермейді. Ал, біз бәріміз де ан әне­мес, адамзаттың ұлы — адамбыз, сондықтан, ер адам әйел затына қол көтеріп, қол жұмсауға тиіс емес, әуелі еш правосы жоқ. Міне, қысқаша айтқанда, осындай түсініктен, әйел затына ер болып өз қол ұшымды беріп, көмектесуге, оларды арашалап — қорғау үшін барғаным рас. Сол жерде қолымнан келгенше бір көмегімді бергенім де рас. Ол үшін әлі күнге дейін еш өкінбеймін, керісінше, үлкен мақтаныш тұтамын. Бірақ та, бір Құдай өзі куә, адам баласын еш өлтіргенім жоқ. Мұндай айуандық жасаудың өзі, сор маңдай менің қолымнан келмейді. Еш уақытта, ешқашанда…

Ал, әйел затына айуандықпен қол көтеріп, шашынан тартып, көкпараша сүйрегені үшін бір милицияны ұрып-соққаным өте рас. Ол адам күні бүгінге дейін аман-есен зыр жүгіріп жүр. Өз қолыммен жасаған бар теріс қылық, бар қылмысым осы ғана».

Желтоқсан Қарлығаштары

Болатбек Төлепберген.