Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жамбыл облысы

Жамбыл облысында Жер қатынастары бөлімінің басшысы ұсталды

Жамбыл облысында Жер қатынастары бөлімінің басшысы ұсталды
Сурет: видеодан скрин

Жамбыл облысында ҰҚК департаментінің қызметкерлері Жер қатынастары бөлімінің басшысы міндетін атқарушы Нұржан Ажыбаевты ұстады. Ол пара алды деп күдіктелуде, деп хабарлайды Arasha.kz.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет әзірге ресми мәлімдеме жасаған жоқ, одан әрі де жасай қоюы екіталай. Дегенмен, ұстау сәті түсірілген видео желіде тарап кетті.

«HALYQSTAN» телеграм арнасының мәліметінше, күдікті 250 мың теңге көлеміндегі қаражатты алып жатқан жерінен ұсталған. Бұл ақшаны кім және қандай қызметі үшін бергені әзірге белгісіз.

Ажыбаевты өз кабинетіне кіргізген, ол қазір сол жерде бірнеше сағаттан бері отыр.