Иранның Ислам революциясы сақшылар корпусы АҚШ-тың бұған дейінгі шабуылдарына жауап ретінде қарымта соққы жасағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.
PressTV телеарнасының хабарлауынша, Иран тарапы Таяу Шығыстағы АҚШ нысандары мен америкалық тараппен байланысы бар сауда кемесіне зымырандар және ұшқышсыз ұшу аппараттары арқылы шабуыл жасаған.
Мәліметке сәйкес, Иран әскері АҚШ-пен байланысты Panaya сауда кемесін кемеге қарсы зымыранмен нысанаға алған. Бұдан бөлек, АҚШ Әскери-теңіз күштерінің Бесінші жедел флотының басқару орталығы мен өңірдегі америкалық әскери базалардың бірі де соққыға ұшырағаны айтылды.
Иран тарапы бұл әрекетті АҚШ-тың Кешм аралына және Иранмен байланысты танкерге жасаған шабуылдарына жауап деп түсіндірді.
Сондай-ақ Тегеран Ормуз бұғазындағы қауіпсіздікке қатер төнген жағдайда америкалық әскерилерге қатаң жауап берілетінін ескертті.