Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

«Қорлауы қоса жүр»: Fly Arystan домбыраға қосымша ақша алады

«Қорлауы қоса жүр»: Fly Arystan домбыраға қосымша ақша алады
Фото: gov.kz

Дәстүрлі әнші Еркін Шүкімән әлеуметтік желідегі парақшасында домбыраны ұшақта алып жүру мәселесін көтерді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Оның сөзінше, Fly Arystan домбыраны ұшаққа кіргізу үшін қосымша 5 мың теңге алады екен. 

«Ұшақта домбыраны алып жүруге рұқсат берді деп еді. Сөйтсек, Fly Arystan компаниясына қосымша бес мың теңге төлеуің керек екен. Бес мыңды қойшы... Енді бір адамның екі қол жүгін алып өтуіне тыйым салып тастапты. Қолыңда домбыраң, шағын коферде сахналық киімің болады. Екеуінің біреуін багажға тапсырасың. Бұлардың домбыраға рұқсат бергенімен, бәрібір қорлауы қоса жүргенін бүгін біліп қайран қалып отырмын. Fly Arystan Air Astana-ның ішінен құрылған (дочерная) компания екен. Air Astana ұшақтарына домбыраңызды да, қолмұраңызды да кедергісіз алып өтуге болады да, Fly Arystan неге домбыраға доң айбат көрсете береді?», - деп жазды әнші. 

Желі қолданушылары «Өз еліңде өгей баланың күйін кешкен жаман», «Осылар-ақ жүйкеге тиіп бітті», «Бір елде бірнеше заң» деп жарыса жазды.