Ел арасында Ясауи ілімін жалғастырушы әрі сопылық бағыттағы діни ұстаз ретінде белгілі Исматулла Мақсұмға қатысты ауыр айыптаулар айтылды. Ол жасөспірімдерге сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық жасады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Arasha.kz.
Бұл мәселе зікіршілер қауымының бұрынғы мүшелері көпшілік алдында мәлімдеме жасағаннан кейін көтерілген. Атап айтқанда, Ақылбек Жұмабеков журналист Жанар Байсемізге берген сұхбатында жасөспірімдерге қатысты сексуалдық сипаттағы әрекеттер болғанын мәлімдеген.
Бұрынғы шәкірттердің айтуынша, оларды қорқытып, болған оқиғаны сыртқа жариялаған жағдайда түрмеге қамалатынын ескерткен.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы аталған тұлғалардың ұйымға еш қатысы жоқ екенін хабарлады.
Ал Ішкі істер министрлігі айтылған деректер бойынша тергеу басталғанын мәлімдеді.