Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Оқулықтардан 700-ден астам қате анықталды: Балаева мәселенің барын жасырмады

Оқулықтардан 700-ден астам қате анықталды: Балаева мәселенің барын жасырмады
Фото: freepik

Аида Балаева оқулыққа қатысты мәселе барын жасырмады, деп хабарлайды Arasha.kz. 

Олардың ішінде деректік қателер, мазмұнға сәйкес келмейтін иллюстрация, ескірген әдіс-тәсілдер бар.

Вице-премьер Аида Балаеваның айтуынша, ұлттық мазмұнға лайықтап бейімделмеген материалдар, математика пәніндегі қателіктер, тарихи оқиғаларға қатысты жаңсақ пайымдар ерекше алаңдаушылық туғызып отыр.

Сондай-ақ кейбір оқулықтар 9 жылға дейін мазмұндық тұрғыдан еш өзгермеген.

Осы орайда оқу-ағарту министрлігі оқулықтарды кезең-кезеңімен жаңартуды жоспарлап отыр:

2026 жылғы 30 тамызға дейін 3 және 7-сыныптарға, 

2027 жылғы 1 қаңтарға дейін 4 және 9-сынып оқулықтары, 

2027 жылғы 1 сәуірге дейін 8-сынып оқулықтары жаңартылады.