Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Шамалғанда ер адам бейтаныс әйелді арқанмен тұншықтырмақ болған

Шамалғанда ер адам бейтаныс әйелді арқанмен тұншықтырмақ болған
Фото: Видеодан кадр

Оқиға ауыл көшелерінің бірінде болған. Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада ер адамның көшеде келе жатқан әйелге шабуыл жасағаны көрінеді. Бірақ әйел қарсыласып, оның қолынан босап шығып, қашып құтылған, деп хабарлайды Arasha.kz.

Жәбірленушінің туыстарының айтуынша, бақылау камераларындағы жазбалар болғанына қарамастан, полиция күдіктіні әлі күнге дейін таба алмаған.

Алматы облыстық полиция департаменті аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын растады. Ведомствоның мәліметінше, қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтау және шабуыл жасаған адамды ұстау үшін жедел-іздестіру және тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.