Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Әлем

"Қашан үйленесің?" деп сұрай берген көршісін ер адам өлтіріп тастады

"Қашан үйленесің?" деп сұрай берген көршісін ер адам өлтіріп тастады
ашық дереккөзден

Индонезияның Суматра аралында 45 жастағы ер адам көршісін соққыға жығып, өлімге себепкер болды, деп Arasha.kz тілшісі Malim.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға 2024 жылдың 29 шілдесінде кешкі уақытта болған. Мәлімет бойынша, Сирегар Парлиндунган есімді ер адам қолына бөрене алып, 60 жастағы көршісі Ирианто Асгимнің үйіне барған. Ол ешқандай түсініктеме берместен көршісіне шабуыл жасаған.

Ирианто үйден қашып шыққанымен, күдікті оның соңынан қуып жетіп, басынан бірнеше рет ұрған. Ауыр соққыдан ер адам есінен танып қалған. Куәгерлер араша түсіп, зардап шегушіні ауруханаға жеткізбек болған. Алайда ол жолда көз жұмған.

Полиция күдіктіні оқиғадан кейін шамамен бір сағаттан соң ұстады. Тергеу барысында ол көршісіне не үшін шабуыл жасағанын айтқан.

Күдіктінің сөзінше, марқұм оның бойдақ екенін жиі сөз етіп, "қашан үйленесің?" деп қайта-қайта сұрай берген. Бұл сұрақтар оның ашуын туғызған.

Жергілікті басылымдар екі көршінің арасында бұған дейін де түсініспеушілік болғанын жазды. Екеуі де тауық асыраған, ал құстары кейде бір-бірінің ауласына өтіп кетіп, осы жағдай бірнеше рет жанжалға себеп болған.