Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Бибісара Асаубаева Қазақстан әнұранын рояльмен орындап, жұртты таңғалдырды

Бибісара Асаубаева Қазақстан әнұранын рояльмен орындап, жұртты таңғалдырды
Michal Walusza / Norway Chess

Әлемге танымал қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева тағы бір қырынан танылды. Бұл жолы ол спорттағы жетістігімен емес, өнерге деген қызығушылығымен көпшіліктің назарын аударды, деп хабарлайды Arasha.kz.

22 жастағы шахматшы Қазақстан Республикасының әнұранын рояльмен орындап, видеоны әлеуметтік желідегі парақшасына жариялады.

Бибісара Асаубаева бұл өнерді енді ғана меңгере бастағанын айтып, рояльда ойнау өзі үшін жаңа хобби екенін жеткізді.

"Тағы бір хобби. Керемет деп айта алмаймын, бірақ тырысып-ақ бақтым. Бұл – бар болғаны 5-6 сабақтың нәтижесі", – деп жазды ол Instagram-дағы видеосына.

Желі қолданушылары шахматшының жаңа өнеріне жылы пікір білдіріп, оның талпынысына қолдау көрсетті. Көпшілік Бибісараның тек шахматта ғана емес, басқа салада да өзін дамытуға ұмтылатынын айтып, сүйсініс білдірді.