Контентке өту
Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Алматыда ер адам танысын өлтіріп, денесін жертөлеге жасырды деген күдікке ілінді

Алматыда ер адам танысын өлтіріп, денесін жертөлеге жасырды деген күдікке ілінді
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

Алматының Медеу ауданында адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Алдын ала дерекке сүйенсек, екі ер адам жеке үйлердің бірінде бірге ішімдік ішіп отырған. Сол кезде араларында жанжал шығып, күдікті танысына пышақ сұққан. Жәбірленуші көз жұмған.

Полицияның алдын ала мәліметінше, күдікті кейін марқұмның денесін сол үйдің жертөлесіне жасырған.