Журналист Руслан Өтепбай әлеуметтік желіде отбасындағы қуанышты жаңалығын бөлісті. Оның айтуынша, 2 шілде күні жиені Темірбектің бір жасқа толуына орай тұсаукесер рәсімі өткен, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Руслан Өтепбайдың айтуынша, жиенінің тұсауын кесу құрметі өзіне бұйырған.
"Ардақты ағайын, 2 шілде күні отбасымызда үлкен қуаныш болды. Жиенім Темірбек бір жасқа толып, тұсаукесер тойы өтті. Нағашысы ретінде тұсауын кесу бақыты маған бұйырды", – деп жазды журналист.
Сондай-ақ ол қарындасы мен күйеу баласын қуаныштарымен құттықтап, жиеніне ақ тілегін арнады.
"Қарындасым мен күйеу баламның алғашқы қуанышы құтты болсын! Алла Тағала Темірбекке ұзақ ғұмыр, мықты денсаулық, бақ-береке нәсіп етсін. Жиенім бір әулеттің ғана емес, барша қазақтың мақтан тұтар азаматы болып өссін", – деп тілек білдірді Руслан Өтепбай.