Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Көкшетауда қазақ әндерін балағаттаған әйел 8 тәулікке қамалды

Көкшетауда қазақ әндерін балағаттаған әйел 8 тәулікке қамалды
Сурет ашық дереккөзден алынған

Көкшетау қаласының тұрғыны қазақ тіліндегі әндерді көпшілік алдында қорлағаны үшін 8 тәулікке әкімшілік қамауға алынды, деп хабарлайды Arasha.kzNewTimes.kz-ке сілтеме жасап.
 

Оқиға 2025 жылдың желтоқсан айында Көкшетаудағы барбершоптардың бірінде болған. Мәліметке сәйкес, қызметкерлердің бірі қазақ әндерін қоспақ болған кезде әріптесі оған қарсылық білдірген. Ал өзге қызметкерлер грузин, түрік немесе орыс тіліндегі әндерді еш кедергісіз қоя берген.

Оқиғаға қатысушы Алмагүлдің айтуынша, ол қазақ әндерін қосқаннан кейін жұмысымен айналысу үшін кетіп қалған. Кейін музыка өшірілгенін байқап, әріптесінен себебін сұраған.

Сол кезде әріптесі: «Мен саған айттым ғой, біз ондай ән тыңдамаймыз. Мұндай дүниені кім тыңдайды?» деп жауап берген. Осыдан кейін олардың арасында жанжал шыққан.

Сондай-ақ әйел Алмагүлге қазақ әндерін тек үйінде тыңдау керектігін айтқан.

Сот бұл әрекетті Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабының 1-бөлігі («Ұсақ бұзақылық») бойынша саралап, әйелді 8 тәулікке әкімшілік қамауға алу туралы шешім шығарды.

Айта кетейік, осы оқиғаға байланысты қылмыстық іс 2026 жылдың наурыз айында қозғалған болатын.

Еске салсақ, бұған дейін Шымбұлақ тау-шаңғы курортындағы мейрамханада болған тіл дауы да қоғамда қызу талқыланған еді. Мекеме қызметкері клиентке қазақ тілінде қызмет көрсетуден бас тартып, кейін бұл жағдай үшін мейрамхана ресми түрде кешірім сұрап, қызметкер жұмыстан шығарылған болатын.