Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Ақтөбе облысында мал бағып жүрген 14 жастағы бала көз жұмды

Ақтөбе облысында мал бағып жүрген 14 жастағы бала көз жұмды
Сурет ашық дереккөзден алынған

Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданында қайғылы оқиға болып, 14 жастағы мектеп оқушысы көз жұмды, деп хабарлайды Arasha.kzQaz365.kz-ке сілтеме жасап.

Алдын ала мәліметке сәйкес, жасөспірім інісімен бірге мал бағып жүрген. Сол кезде еріген қар суы жиналған жыраға шомылмақ болған.

Өкінішке қарай, бала судан өздігінен шыға алмай қалған. Оқиға орнына шақырылған құтқарушылар оның денесін судан алып шықты.

Қазіргі уақытта қайғылы оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Мамандар ата-аналарды балаларды қараусыз қалдырмауға және белгісіз су айдындарына шомылуға жол бермеуге шақырады.