Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Әлем

Шағын бизнеске демалыс: Wildberries шабуылдан зардап шеккендердің несиесін тоқтата тұрады

Шағын бизнеске демалыс: Wildberries шабуылдан зардап шеккендердің несиесін тоқтата тұрады
Фото: The Moscow Times

Wildberries логистикалық орталықтарына жасалған шабуылдардан кейін маркетплейс зардап шеккен шағын және орта бизнес өкілдеріне айтарлықтай жеңілдік жасауды ұйғарды. Енді сатушылар «WB Банк» пен «WB Финанс» арқылы алған несиелері бойынша 3 айлық демалысқа шыға алады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Үш ай бойы кәсіпкерлер негізгі қарызды да, оған есептелетін пайыздарды да төлемейді. Кезекті төлем мерзімі тек қазан айының соңына шегерілді.

Несие демалысын алу үшін құжат жинап, өтініш жазудың қажеті жоқ. Төлемді кейінге қалдыру мүмкіндігі әр сатушының жеке кабинетінде автоматты түрде іске қосылды.

Егер кәсіпкерге бұл жеңілдік қажет болмаса, ол жеке кабинетіндегі арнайы батырма арқылы немесе қолдау қызметіне хабарласып, несиені бұрынғы кестемен төлей береді.

Бүгінгі таңда бұл жеңілдік шағын және орта бизнеске автоматты түрде беріліп отыр. Ал ірі бизнес өкілдеріне қатысты қолдау шаралары әр компания бойынша жеке қарастырылмақ.