Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мұғалімдерге түсетін артық жүктемені азайтып, оларды қағазбастылықтан және оқу процесіне қатысы жоқ жұмыстардан босату қажет екенін айтты, деп хабарлайды Arasha.kz.
Мемлекет басшысының сөзінше, педагогтер бітпейтін есеп, аттестациядан өту талабы және түрлі пайдасыз тексерістерден шаршаған.
«Педагогтерді ығыр қылатын қағазбастылықтан, бітпейтін есептен, аттестациядан өту талабынан және басқа да пайдасыз тексерістерден босату керек», – деді Тоқаев.
Президент сондай-ақ мұғалімдерді мектептегі жөндеу жұмыстарына және оқу процесіне тікелей қатысы жоқ қоғамдық іс-шараларға тартуға болмайтынын атап өтті.
«Бұл жөнінде әлдеқашан келіскенбіз. Бұған жол беруге болмайды», – деді Мемлекет басшысы.