Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Шоу-бизнес

«Қазір ешкіммен жүріп жатқан жоқпын»: Еркебұлан Тоқтар Маркизаның сөзін жоққа шығарды

«Қазір ешкіммен жүріп жатқан жоқпын»: Еркебұлан Тоқтар Маркизаның сөзін жоққа шығарды
Сурет: zhuldyzdy_news

Актер, ММА спортшысы әрі халық сүйіктісі Еркебұлан Тоқтар Бейбіт Әлібековтің «По офисам» жобасына қонақ болып, жеке өміріне қатысты сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Сұхбат барысында Еркебұлан қазіргі уақытта бойдақ екенін және ешкіммен қарым-қатынаста емес екенін ашық айтты. Ол жеке өмірде жолы болмай жүргенін де жасырмады. Әңгіме арасында актер мектептегі махаббатына үйленіп, бүгінде отбасын құрып, бала тәрбиелеп отырған ағасын мысалға келтірген.

Алайда бұған дейін Аман Тасығанға сұхбат берген Маркиза Еркебұланмен арадағы қарым-қатынасына қатысты мүлде басқа пікір білдірген еді. Оның сөзінше, екеуінің арасындағы сезім шынайы әрі қарым-қатынастары қарқынды дамып жатқан.

Осыдан кейін көпшілік арасында «Еркебұлан мен Маркизаның арасында шынымен сезім бар ма, әлде бұл кезекті пиар ма?» деген сұрақ туындады.

Әзірге қос тараптың мәлімдемелері бір-біріне сәйкес келмейді. Ал олардың арасындағы байланыстың шын мәнінде қандай екені белгісіз күйінде қалып отыр.