Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова әлеуметтік желідегі парақшасында отбасындағы қуанышты сәтті бөлісті, деп хабарлайды Arasha.kz.
Әншінің айтуынша, оның жиені шаңырақ көтеріп, әулетке келін түскен. Өнер иесі жас жұбайларға ақ тілегін арнап, бақыт тіледі.
"Анамның немересі үйленді. Келінді анамның қара шаңырағына әкеліп түсірдік. Құтты келін болсын! Жастар бақытты болсын!" – деп жазды Мақпал Жүнісова.
Әншінің жазбасына желі қолданушылары да жылы пікір қалдырып, жаңа отбасына бақ-береке, татулық және ұзақ ғұмыр тіледі.