Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Қазақстанның бірнеше өңіріне дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанның бірнеше өңіріне дауылды ескерту жарияланды
Canva

Синоптиктердің болжамынша, 8 қыркүйекте Астана, Шымкент қалалары мен 15 облыста ауа райы күрт өзгереді. Көптеген өңірде қатты жел соғып, жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Кей жерлерде бұршақ жауып, дауыл болуы мүмкін., деп Arasha.kz тілшісі Tengrinews.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Астанада жоғары өрт қаупі жарияланса, Шымкентте төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында желдің жылдамдығы секундына 15–20 метрге дейін жетуі мүмкін. Ақтөбе, Орал және Қостанай қалаларында жаңбыр жауып, найзағай ойнап, кей жерлерде бұршақ пен дауыл күтіледі.

Атырау, Маңғыстау және Жамбыл облыстарында да қатты жел мен найзағай болжанып отыр. Маңғыстау облысының кей жерлерінде желдің екпіні секундына 23–28 метрге дейін күшеюі мүмкін. Ақтауда түнде желдің жылдамдығы 15–20, екпіні 23–25 метрге дейін жетеді.

Алматы, Қызылорда, Жетісу, Ұлытау, Қарағанды және Павлодар облыстарында да жел күшейіп, кей жерлерде жаңбыр мен найзағай болады. Түркістан облысында тұман түсіп, желдің екпіні секундына 15–20 метрге дейін жетеді.

Бірқатар өңірде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады. Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі.

Бұған дейін Қазгидромет Астана, Алматы және Өскемен тұрғындарын қолайсыз метеорологиялық жағдай туралы ескерткен.