Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Қазақстанның 11 өңірінде 13 жаңа колледж бой көтереді

Қазақстанның 11 өңірінде 13 жаңа колледж бой көтереді
Canva

Қазақстанның 11 өңірінде 20 мың студентке арналған 13 жаңа колледж салу жоспарланып отыр. Бұл туралы Үкімет отырысында Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мәлімдеді, деп Arasha.kz тілшісі Kazinform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Министрдің айтуынша, колледждерде мамандарды сапалы даярлау үшін оқу орындарының материалдық-техникалық базасын жаңарту маңызды.

Қазір жергілікті атқарушы органдар мен жұмыс берушілердің қаражаты есебінен 174 колледж қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар жер қойнауын пайдаланушылардың қолдауымен тағы 13 колледждің материалдық базасы жаңартылды.

Алайда мемлекеттік колледждердің 143-інде материалдық-техникалық базаны жаңарту қажеттілігі әлі де бар.

Осыған байланысты еліміздің 11 өңірінде заманауи талаптарға сай 13 колледж салу көзделген. Жаңа оқу орындары 20 мың орынға есептелген.

«Бұл өңірлердегі орын тапшылығын азайтып, жастарға заманауи әрі қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген білім беру ортасында сапалы кәсіптік білім алуға мүмкіндік береді», – деді министр.

Бұған дейін Қазақстанда 2027 жылы колледждерді қаржыландыру көлемін 75 млрд теңгеге дейін арттыру жоспарланып отырғаны хабарланған еді.

Сондай-ақ колледж студенттерінің шәкіртақысы екі есеге көбейтілген болатын.