Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы бұзылады

Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы бұзылады
ЖИ арқылы жасалған

10 қыркүйек күні Қазақстанның 17 облысында, сондай-ақ Астана мен Шымкентте дауылды ескерту жарияланды. Синоптиктер жаңбыр, найзағай, қатты жел, тұман және шаңды дауыл болатынын болжады. Бірқатар өңірде өрт қаупі жоғары және төтенше деңгейде сақталады, деп хабарлайды Arasha.kz тілшісі Kazinform.kz-ке сілтеме жасай отырып.

Астана – өрт қаупі жоғары.

Абай облысында солтүстік-батыс пен оңтүстікте өрт қаупі жоғары деңгейде болады.

Ақмола облысында батыс пен солтүстікте жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең батыста тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, екпіні 15–20 м/с-қа жетеді. Өрт қаупі жоғары.

Ақтөбе облысында батыс, солтүстік және орталық аудандарда жаңбыр мен найзағай күтіледі. Күндіз кей жерлерде желдің екпіні 15–18 м/с болады. Солтүстік-шығыс пен солтүстік-батыста өрт қаупі жоғары, облыстың қалған аумағында төтенше деңгейде.

Алматы облысында күндіз ауа температурасы 35 градусқа дейін көтеріліп, қатты ыстық болады. Орталық, батыс және шығыс бөліктерде өрт қаупі төтенше деңгейде, солтүстікте жоғары деңгейде сақталады.

Атырау облысында түнде солтүстік пен шығыста, күндіз өңірдің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстікте кей уақытта қатты жаңбыр, бұршақ және дауылды жел болуы ықтимал. Батыс пен оңтүстікте түнде және таңертең тұман түседі. Күндіз оңтүстік пен шығыста жел 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Бірқатар ауданда өрт қаупі төтенше деңгейде.

Шығыс Қазақстан облысында түнде шығыс, оңтүстік және таулы аудандарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Шығыс пен оңтүстікте желдің жылдамдығы 15–18 м/с болады. Оңтүстік-шығыста өрт қаупі жоғары.

Жамбыл облысында оңтүстік-батыс, солтүстік-шығыс және таулы аудандарда солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15–20 м/с-қа жетеді. Өрт қаупі төтенше деңгейде.

Жетісу облысында 10–11 қыркүйекте күндіз Алакөл көлдері маңында солтүстік-шығыс желі күшейіп, екпіні 15–20 м/с болады. Күндіз ауа температурасы 35–37 градусқа дейін көтеріледі.

Батыс Қазақстан облысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз солтүстік пен шығыста қатты жаңбыр және бұршақ күтіледі. Жел бағытын өзгертіп, екпіні 15–20 м/с-қа жетеді. Оңтүстік-шығыста өрт қаупі төтенше, солтүстік-шығыс пен шығыста жоғары деңгейде.

Қарағанды облысында өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады.

Қостанай облысында солтүстік, шығыс және оңтүстікте жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең батыс, солтүстік және шығыста тұман түседі. Күндіз шығыста жел 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Бірқатар аумақта өрт қаупі төтенше деңгейде.

Қызылорда облысында оңтүстік пен орталықта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз шығыс пен орталықта шаңды дауыл көтеріледі. Желдің екпіні 15–20 м/с болады. Өңірде өрт қаупі төтенше деңгейде.

Маңғыстау облысында батыс, солтүстік және орталықта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең батыс пен солтүстікте тұман түседі. Күндіз жел 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Солтүстік, шығыс және орталықта өрт қаупі төтенше деңгейде.

Павлодар облысында орталық, солтүстік және оңтүстікте өрт қаупі жоғары.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде батыс, солтүстік және оңтүстікте жаңбыр, найзағай, бұршақ және қатты жел күтіледі. Күндіз аталған аудандарда жаңбыр мен найзағай сақталады. Батыста түнде және таңертең тұман түседі. Желдің екпіні 15–20 м/с болады. Кейбір аудандарда өрт қаупі жоғары деңгейде.

Түркістан облысында батыс пен таулы аудандарда өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз солтүстікте шаңды дауыл көтерілуі мүмкін. Жел 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Өрт қаупі төтенше деңгейде.

Ұлытау облысында солтүстік, оңтүстік және шығыста жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстікте түнде және таңертең тұман түседі. Таңертең және күндіз желдің екпіні 15–20 м/с болады. Өрт қаупі төтенше деңгейде.

Шымкентте өрт қаупінің төтенше деңгейі сақталады.