Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

6 қазанда Қазақстанда қар, көктайғақ және үсік күтіледі

6 қазанда Қазақстанда қар, көктайғақ және үсік күтіледі
unsplash.com

6 қазанда Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Циклон мен атмосфералық фронттардың әсерінен жаңбыр және қар жауып, кей өңірлерде жауын-шашын күшейеді, деп хабарлайды Arasha.kz.

"Қазгидромет" мәліметінше, елдің солтүстік-шығысы мен оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын күтіледі. Республика бойынша жел күшейіп, түнде және таңертең тұман түседі.

Солтүстік өңірлерде жаяу бұрқасын болуы мүмкін. Солтүстік-батыс, солтүстік және шығыс аймақтарда көктайғақ болжанып отыр. Ал оңтүстікте жел шаңды дауылға ұласуы ықтимал.

Қай өңірлерде үсік болады?

Түнде Алматы, Қызылорда, Түркістан және Жамбыл облыстарының кей жерлерінде, сондай-ақ Жетісу облысында ауа температурасы -1...-2°C-қа дейін төмендеп, үсік жүруі мүмкін.

Жалпы 6-8 қазан аралығында оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлердің таулы аудандарында түнде 1-3 градус аяз сақталуы ықтимал.

Астанада қар аралас жаңбыр жауады

Астанада 6 қазанда көшпелі бұлтты болып, кей уақытта жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын күтіледі.

Түнде де, күндіз де ауа температурасы +1...+3°C шамасында болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15–20 м/с, ал түнде және таңертең кей уақытта 23–=-28 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін.

Көктайғақ пен бұрқасын қай өңірлерде болады?

Синоптиктердің болжамынша, көктайғақ солтүстік-батыс, солтүстік және шығыс өңірлерде байқалады. Солтүстікте бұрқасын болуы ықтимал.

Алдағы бірнеше күнде елдің солтүстік-батысы, солтүстігі мен шығысында жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын жалғасып, жел күшейеді.

Сонымен қатар бірқатар облыста жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады. Сондықтан тұрғындарға ауа райы қолайсыз кезде жолда сақ болып, қатты жел мен көктайғақ кезінде қауіпсіздік шараларын ұстанған жөн.