Кеңес төрағасы Бекмұрат Жүсіповтың сөзінше, қаражат қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына әділ әрі теңдей бөлінді, деп хабарлайды Arasha.kz.
Қаражатты есепке алу мен бөлу жұмысына марқұм сарбаздардың ата-аналары да қатысқан. Әрі солардың өтініші бойынша, төлемнің нақты сомасы жарияланбады.
Сонымен қатар, оқиғадан аман қалған әскери қызметшілерге де жеке төлемдер қарастырылды. Оларға көрсетілген материалдық көмектің мөлшері комиссия шешімдеріне сәйкес белгіленді.