Армения премьер-министрі Никол Пашинян мемлекеттік хаттама қызметінің жетекшісі Гагик Ваноянды қызметінен босатты. Бұл шешім Пашинянның Қырғызстан президенті Садыр Жапаровты Қазақстан басшысы деп қате таныстыруынан кейін қабылданған, деп хабарлайды Arasha.kz.
Оқиға 17 қазанда Ереванда өткен келіссөздерден кейінгі баспасөз мәлімдемесі кезінде болған. Алдын ала әзірленген мәтінді оқыған Пашинян сөзін:
“Ең алдымен Қазақстан президенті Садыр Жапаровқа Арменияға қош келдіңіз дегім келеді”, – деп бастаған.
Ал 19 қазанда мемлекеттік хаттама қызметін басқарған Гагик Ваноянның жұмыстан босатылғаны белгілі болды.
Дегенмен кадрлық шешімнің Пашинян жіберген қателікке қатысы бар екені ресми расталған жоқ. Үкімет қаулысында Ваноянның қызметтен кету себебі көрсетілмеген. Армения үкіметі де бұл шешімге қатысты түсініктеме беруден бас тартқан.
Гагик Ваноян мемлекеттік хаттама қызметіне 2022 жылдың желтоқсанында жетекшілік ете бастаған. 2026 жылдың тамызында ол осы лауазымға қайта тағайындалған еді.