Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Қазақстанда күн суытып, қар аралас жаңбыр жауады: 21 қазанға арналған ауа райы болжамы

Қазақстанда күн суытып, қар аралас жаңбыр жауады: 21 қазанға арналған ауа райы болжамы
Фото: MoWo/iStock/Getty Images Plus

21 қазанда Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райы күрт өзгереді. Елдің оңтүстігі мен шығысында күн салқындап, кей аймақтарда жаңбыр мен қар аралас жаңбыр жауады. Солтүстік және шығыс өңірлерде желдің екпіні секундына 25–28 метрге дейін жетуі мүмкін, деп хабарлайды Arasha.kz.

Синоптиктердің болжамынша, сәрсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы бұлтты ауа райы сақталады. Кейбір қалаларда жауын-шашын күтілсе, батыс пен оңтүстікте күн салыстырмалы түрде жылы болады.

Әсіресе Петропавл, Көкшетау, Семей және Өскемен тұрғындарына қатты желге дайын болған жөн. Ал Ақтөбе, Қарағанды және Оралда түнде ауа температурасы нөлден төмен түседі.

Астана, Алматы және Шымкенттегі ауа райы

Астанада 21 қазанда жаңбыр жауады. Желдің жылдамдығы секундына 9–14 метр, екпіні 15–20 метрге дейін жетеді. Түнде ауа температурасы 0...+2 градус, күндіз +6...+8 градус болады.

Алматыда жауын-шашын күтілмейді. Аспан құбылмалы бұлтты, желдің екпіні секундына 13 метрге дейін жетеді. Түнде +4...+6 градус, күндіз +15...+17 градус жылы болады.

Шымкентте күн жылы әрі жауын-шашынсыз өтеді. Ауа температурасы түнде +5...+7 градус, күндіз +18...+20 градусқа дейін көтеріледі. Желдің жылдамдығы секундына 5–10 метр болады.

Қай өңірлерде қар аралас жаңбыр жауады?

Павлодарда қар аралас жаңбыр күтіледі. Жел секундына 15–20 метрге дейін күшейеді. Түнде 0...+2 градус, күндіз +4...+6 градус болады.

Семейде де жаңбыр аралас қар жауады. Желдің екпіні секундына 15–20 метрге, кей уақытта 25 метрге дейін жетуі ықтимал. Ауа температурасы түнде 0...+2 градус, күндіз +3...+5 градус болады.

Өскеменде жауын-шашын қар аралас жаңбыр түрінде түседі. Желдің екпіні кей уақытта секундына 25 метрге дейін күшеюі мүмкін. Түнде 0...+2 градус, күндіз +2...+4 градус жылылық болжанады.

Солтүстік және орталық өңірлерде жел күшейеді

Петропавлда жаңбыр жауып, желдің екпіні секундына 23–28 метрге дейін жетеді. Түнде +2...+4 градус, күндіз +6...+8 градус болады.

Көкшетауда жаңбыр жауады. Жел секундына 15–20 метр жылдамдықпен соғып, екпіні 23 метрге дейін күшейеді. Түнде +1...+3 градус, күндіз +6...+8 градус күтіледі.

Қарағандыда жауын-шашын болмайды, бірақ жел секундына 15–20 метрге дейін күшейеді. Түнде -1...-3 градус аяз, күндіз +5...+7 градус болады.

Қостанайда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Желдің екпіні секундына 15–20 метрге дейін жетеді. Түнде +1...+3 градус, күндіз +10...+12 градус болады.

Жезқазғанда жауын-шашын күтілмейді. Желдің жылдамдығы секундына 9–14 метр. Түнде 0...+2 градус, күндіз +12...+14 градус болады.

Батыс және оңтүстік өңірлердегі ауа райы

Ақтауда еліміздегі ең жылы ауа райының бірі болжанады. Күндіз +23...+25 градус, түнде +13...+15 градус болады. Жауын-шашын күтілмейді.

Атырауда күндіз +18...+20 градус, түнде +4...+6 градус. Жауын-шашынсыз, жел секундына 2–7 метр жылдамдықпен соғады.

Ақтөбеде түнде -2...-4 градусқа дейін суытады. Күндіз +12...+14 градус болады. Аспан ашық, жауын-шашын күтілмейді.

Оралда түнде -1...-3 градус, күндіз +12...+14 градус болады. Жауын-шашын болжанбайды.

Қызылордада түнде +1...+3 градус, күндіз +15...+17 градус жылылық сақталады. Жел секундына 9–14 метр жылдамдықпен соғады.

Түркістанда ауа температурасы түнде +4...+6 градус, күндіз +17...+19 градус болады. Жауын-шашын күтілмейді.

Таразда түнде +2...+4 градус, күндіз +14...+16 градус. Күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз.

Қонаев пен Талдықорғанда күн қандай болады?

Қонаевта жауын-шашын күтілмейді. Желдің екпіні секундына 15–20 метрге дейін жетеді. Түнде +3...+5 градус, күндіз +14...+16 градус болады.

Талдықорғанда күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз өтеді. Түнде 0...+2 градус, күндіз +8...+10 градус болады.