Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

30 жыл бұрын зорлық көрген Наташа Қалымбетова қуанышты жаңалығын айтты

30 жыл бұрын зорлық көрген Наташа Қалымбетова қуанышты жаңалығын айтты
Фото: әлеуметтік желі

Батыс Қазақстан облысының тұрғыны Наташа Қалымбетова 30 жыл бұрын өзін ауылдас төрт ер адамның зорлағанын мәлімдеп, АҚШ-қа барып, қызымен бірге ДНҚ сараптамасынан өтуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Arasha.kz.

Оның айтуынша, Америкада тұратын қызы сараптама жасатуды өзі ұсынған. Қалымбетова оның нәтижесі сотқа жеткізуге тырысып жүрген ісі бойынша жаңа дәлелдер алуға көмектеседі деп үміттенеді.

Әйел соңына дейін күресуге бекінгенін және өзінің айтуынша, 17 жасында басынан өткен оқиға туралы енді үнсіз қалмайтынын жеткізді.

Бұған дейін Қалымбетова сол оқиғадан кейін дүниеге келген қызын шетелдік отбасы асырап алып, АҚШ-қа алып кеткенін айтқан еді.