Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Төреғали Төреәлі жұбайымен бірге қасиетті мекенге барды

Төреғали Төреәлі жұбайымен бірге қасиетті мекенге барды
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

Танымал әнші Төреғали Төреәлі жұбайымен бірге қасиетті Меккеге барып, Қағбаның алдында жасаған дұғасын көпшілікпен бөлісті, деп хабарлайды Arasha.kz.

Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында тәубе, кешірім және жүрек тазалығы туралы әсерлі жазба жариялады. Әнші қасиетті мекенде тұрып, Алладан күнәларының кешірілуін және жүрегінің тура жолдан таймауын тілеген.

«Тәубе – өткенге өкініп қана қою емес, жүректі Аллаға қайта бұру. Қағбаның алдында тұрып, бар жүрегіммен бір ғана тілек тілеймін: Алла жүрегімізді тазартып, күнәларымызды кешіріп, тәубемізді қабыл етсін. Я, Раббым, мені өзіңе жақындат, жүрегімді тура жолдан айырма», – деп жазды Төреғали Төреәлі.

Әншінің бұл жолғы сапары жұбайымен бірге өтуімен де ерекшеленді. Өнер иесі қасиетті мекеннен жариялаған жазбасында рухани тазару мен тәубенің маңызына тоқталған.