Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Жедел жәрдем көлігінде жарылыс болып, 10 адам тіл тартпай кетті

Жедел жәрдем көлігінде жарылыс болып, 10 адам тіл тартпай кетті
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

Пәкістанда жедел жәрдем көлігінде жарылыс болып, кемінде 10 адам қаза тапты, деп хабарлайды Arasha.kz.

Пәкістанның Синд провинциясындағы Тарпаркар ауданында медициналық мекеме жанында тұрған жедел жәрдем көлігінің оттегі баллоны жарылып, кемінде 10 адам көз жұмды. 

Полицияның мәліметінше, жарылыс науқастарды басқа ауруханаға ауыстыру кезінде болған. Қаза тапқандар арасында медицина мекемесінің қызметкерлері, науқастар және олардың туыстары бар. 

Ел президенті оқиғаның себебін анықтау үшін жедел әрі ашық тергеу жүргізуге шақырды.