Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Күтушінің қарауында болған екі жасар бала көз жұмды

Күтушінің қарауында болған екі жасар бала көз жұмды
Фото: freepik

Бакудің Сабунчи ауданында екі жасар сәби ауыр жарақаттан қайтыс болды. Бастапқы мәліметте баланың баспалдақтан құлағаны айтылған. Алайда туыстары бұл нұсқаға күмән келтіріп, күтушінің әрекетін тексеруді талап етіп отыр, деп хабарлайды Arasha.kz.

Баланың анасы Айшан Исмайылованың сөзінше, сәби күтушінің қарауында болған екі күн ішінде бірнеше рет құлап, басынан ауыр жарақат алған. Анасы күтушінің жағдайдың қауіпті емес екенін айтып, өзін тыныштандырғанын жеткізді. Дәрігерлер баланың өмірін сақтап қала алмаған.

Сәбидің жақындары, соның ішінде әжесі, жарақаттар кездейсоқ құлаудан болмауы мүмкін деп санайды. Олар күтуші балаға күш қолданған болуы ықтимал деген күдігін білдірген.