Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Қазақстан жастары Президент Жолдауында айқындалған стратегиялық басымдықтарды қолдады

Қазақстан жастары Президент Жолдауында айқындалған стратегиялық басымдықтарды қолдады

2026 жылғы 30 қазанда Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауында белгіленген стратегиялық басымдықтарды талқылауға арналған «Ұлттық даму күн тәртібінде – жастар» тақырыбында сарапшылық диалог алаңы өтті.

Іс-шараға депутаттық корпус, мемлекеттік органдар мен бизнес қауымдастығының өкілдері, республикалық жастар бірлестіктерінің басшылары мен өкілдері, студенттік өзін-өзі басқару органдарының мүшелері, жастар ұйымдарының өкілдері және студент жастар қатысты.

Диалог барысында қатысушылар Президенттің Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс бағдарламасын іске асыру, көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту, өңірлерді, ауыл шаруашылығын қолдау, цифрлық экономика құру, жастардың қоғамдық-саяси өмірге қатысу мүмкіндіктерін кеңейту, кәсіпкерлікті дамыту және кәсіби әлеуетін арттыру жөніндегі бастамаларына ерекше назар аударды.

Жастар ұйымдарының жетекшілері Мемлекет басшысы ұсынған елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған ұзақ мерзімді құжаттың іске асырылуына атсалысуға дайын екендіктерін мәлімдеді.

Іс-шараға спикер ретінде ҚР Құрылтайының депутаттары Ақерке Искандерова мен Динара Наумова, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Қайрат Қамбаров, сондай-ақ Aitas холдингінің сыртқы байланыстар және GR жөніндегі вице-президенті Данияр Тоқтарбаев қатысты.

Іс-шараның модераторы – «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының директоры, саясаттанушы, Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі Найла Мұхтарова.

Кездесуді Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов кіріспе сөз сөйлеп ашты. Ол өз сөзінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауының маңыздылығына тоқталып, Президент айқындаған басым бағыттардың Қазақстанның одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін мәні зор екенін атап өтті.

Ашық пікірталас барысында жастар бірлестіктері мен студенттер ұлттық басымдықтарды іске асыруға қатысудың нақты тетіктерін, азаматтық жауапкершілікті нығайту және мемлекеттік институттармен, бизнес өкілдерімен өзара іс-қимылды дамыту жолдарын талқылады.

Қатысушылар Президент Жолдауында белгіленген ел дамуының стратегиялық бағыттарын қолдайтындарын білдіріп, жастарды қоғамдық өзгерістерге белсенді тартудың маңызын атап өтті. Өзекті мәселелерді талқылаумен шектелмей, нақты бастамаларды жүзеге асыруға және ұлттық даму міндеттерін шешуге жастардың тікелей қатысуына ерекше мән берілді.

Жастар бірлестіктері мен студенттер өкілдерінің Президент бастамаларына қолдау білдіруі жас ұрпақтың белсенді азаматтық ұстанымын көрсетті.

Іс-шара Мемлекет басшысының стратегиялық бастамаларын іске асыру мәселелері бойынша жастар, мемлекеттік институттар, депутаттық корпус және бизнес қауымдастығы өкілдері арасында ашық диалог алаңын қалыптастыру мақсатында «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен өткізілді.

Бөлісу