Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

9 қарашаға арналған ауа райы болжамы

9 қарашаға арналған ауа райы болжамы
Жаңбыр. Көрнекі фото: pixabay.com

Бүгін, 9 қарашада еліміздің бірқатар өңірінде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады. Ал оңтүстік аймақтарда ауа температурасы 25 градусқа дейін көтеріледі, деп хабарлайды Arasha.kz.

Синоптиктердің болжамынша, Қазақстанның солтүстігінде күн суытып, аралас жауын-шашын түседі. Кейбір өңірлерде тұман түсіп, жел күшейеді. Ал оңтүстік пен оңтүстік-шығыста қараша айына тән емес жылы ауа райы сақталады.

Астана мен Алматыда ауа райы қандай болады?

Елордада күн құбылмалы бұлтты болады. Түнде кей уақытта қатты жаңбыр мен қар жауады. Күндіз де жауын-шашын күтіледі. Желдің екпіні түнде секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде және күндіз +4...+6 градус болып, кейін төмендейді.

Алматыда жауын-шашын болжанбайды. Түнде ауа температурасы +8...+10 градус болса, күндіз +22...+24 градусқа дейін жылынады.

Шымкентте күндіз жаңбыр жауып, желдің екпіні секундына 20 метрге дейін күшеюі мүмкін. Түнде +13...+15, күндіз +18...+20 градус болады.

Еліміздің өзге қалаларындағы ауа райы

Ақтау: жаңбыр жауады, түнде тұман түсуі мүмкін. Ауа температурасы түнде +4...+6, күндіз +7...+9 градус.

Ақтөбе: жауын-шашынсыз. Түнде -1...-3, күндіз +2...+4 градус.

Атырау: жауын-шашын күтілмейді, түнде және таңертең тұман түседі. Түнде +1...+3, күндіз +4...+6 градус.

Жезқазған: жаңбыр жауып, тұман түседі. Түнде +9...+11, күндіз +11...+13 градус.

Қарағанды: жаңбыр жауады. Түнде және таңертең желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Түнде +7...+9, күндіз +10...+12 градус.

Көкшетау: түнде қатты жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады. Күндіз жауын-шашынсыз. Түнде -1...-3, күндіз -1...+2 градус.

Қонаев: жауын-шашынсыз, жел секундына 18-23 метрге дейін күшейеді. Түнде +6...+8, күндіз +22...+24 градус.

Қостанай: жауын-шашынсыз, тұман түседі. Түнде -3...-5, күндіз +1...+3 градус.

Қызылорда: жаңбыр жауады, түнде және таңертең тұман күтіледі. Түнде +10...+12, күндіз +14...+16 градус.

Павлодар: жаңбыр жауып, тұман түседі. Түнде +5...+7, күндіз +9...+11 градус.

Петропавл: аздаған жаңбыр мен қар жауады. Көктайғақ пен тұман болжанады. Түнде -1...-3, күндіз +1...+3 градус.

Семей: күндіз жаңбыр жауып, желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Түнде +5...+7, күндіз +13...+15 градус.

Талдықорған: жауын-шашынсыз. Түнде +1...+3, күндіз +23...+25 градус.

Тараз: жауын-шашын күтілмейді. Алайда желдің екпіні кей уақытта секундына 25 метрге дейін күшеюі мүмкін. Түнде +12...+14, күндіз +22...+24 градус.

Түркістан: жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз кей уақытта қатты жаңбыр күтіледі. Түнде +13...+15, күндіз +17...+19 градус.

Орал: жауын-шашынсыз, тұман түседі. Түнде -4...-6, күндіз +1...+3 градус.

Өскемен: жауын-шашын болмайды, күндіз жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Түнде +7...+9, күндіз +15...+17 градус.