Арасында тойдан қайтып келе жатқан қонақтар болған жүк көлігі өзенге құлап, кемінде 71 адам көз жұмған, деп хабарлайды Arasha.kz.
Эфиопияның Сидама өңірінде жолаушылар мінген көлік бұралаң жолда көпірге шыға алмай, суға құлаған. Жергілікті билік мәліметінше, қаза тапқандардың 68-і — ер адам, үшеуі — әйел. Кейбір отбасылар бірден бірнеше жақынынан айырылған.
Өңірдегі жол полициясы көлікке шамадан тыс жүк тиелгенін хабарлаған. Бұл апатқа себеп болуы мүмкін деген болжам айтылған. Алайда оны тергеудің түпкілікті қорытындысы деп қабылдауға болмайды.