Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Автобус шатқалға құлап, 45 адам қаза тауып, сегіз жасар қыз ғана аман қалды

Автобус шатқалға құлап, 45 адам қаза тауып, сегіз жасар қыз ғана аман қалды
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

Оңтүстік Африка Республикасында діни мерекеге бара жатқан адамдар мінген автобус көпірден құлап, отқа оранған. Апаттан 45 адам қаза тауып, сегіз жасар қыз ғана тірі қалған, деп хабарлайды Arasha.kz.

Автобус Ботсванадан Оңтүстік Африкадағы Мория қаласына бағыт алған. Жолаушылар Пасха мерекесіне арналған діни жиынға қатыспақ болған. Алайда таулы жолдағы сапар қайғылы аяқталған. 

Лимпопо көлік және қоғамдық қауіпсіздік департаментінің мәліметінше, автобуста жүргізушіні қосқанда 46 адам отырған. Алдын ала дерек бойынша, жүргізуші көлікті басқара алмай қалған. Автобус көпірден шығып, шамамен 50 метр төмендегі тасты жерге құлағаннан кейін өртенген. 

Апаттан жалғыз аман қалған сегіз жасар қыз ауруханаға жеткізілген. Ол сапарға әжесімен бірге шыққан, алайда әжесі көз жұмған. Дәрігерлер қызға шағын операция жасап, кейін жағдайының тұрақты екенін хабарлаған. 

Құтқарушылардың жұмысы өрт пен көліктің қатты зақымдануына байланысты қиындаған. Қаза тапқандардың жеке басын анықтау үшін ДНҚ сараптамасы қажет болған. Қайғылы оқиғадан кейін Оңтүстік Африка мен Ботсвана билігі марқұмдардың отбасыларына көңіл айтып, қажетті көмек көрсетуге кіріскен.