Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Алдағы 3 күнде ауа райы қандай болады?

Алдағы 3 күнде ауа райы қандай болады?
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

«Қазгидромет» 7-9 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Алдағы күндері Қазақстан аумағында бірнеше циклонның өтуіне байланысты ауа райы тұрақсыз болады. Еліміздің басым бөлігінде қар аралас жаңбыр, ал оңтүстік өңірлерде жаңбыр жауады деп болжанады.

8 қарашада батыста жаңбыр қатты жауса, 9 қарашада солтүстік-батыс пен батыста күн жауын-шашынды болады. Оңтүстікте де күндіз нөсер жаңбыр жаууы мүмкін.

Республика бойынша жел күшейіп, түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-батыс пен солтүстік өңірлерде көктайғақ болуы ықтимал.