Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

ҚазҰУ-дың бірінші курс студенті көз жұмды

ҚазҰУ-дың бірінші курс студенті көз жұмды
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

Алматыда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетінің бірінші курс студенті қайтыс болды. Қалалық полиция департаменті бұл ақпаратты растап, оқиғаға қатысты тергеу басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Полицияның хабарлауынша, қазір студенттің өліміне байланысты барлық мән-жай анықталып жатыр.

“Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге деректері жария етілмейді”, – деп мәлімдеді департаменттің баспасөз қызметі.

Бұған дейін Ulysmedia.kz өз дереккөзіне сүйеніп, қайғылы жағдайдың 6 қараша күні кешке ҚазҰУ студенттер қалашығында болғанын жазған. Басылым мәліметінше, марқұм Алматыға Шымкенттен оқуға келген болуы мүмкін.