Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Цистернадан улы газ тарап, 13 адам қаза тапты

Цистернадан улы газ тарап, 13 адам қаза тапты
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

Кемеге тиеліп жатқан цистерна краннан құлап, ішіндегі улы газ айналаға тараған. Апаттан 13 адам қаза тауып, жүздеген адам зардап шеккен, деп хабарлайды Arasha.kz.

Бейнебақылау камерасына түскен кадрларда хлор толы цистернаның жоғарыдан құлағаны көрінеді. Жүк соғылған сәтте қою сары газ ауаға көтеріліп, жұмысшылар қауіпсіз жерге қарай қаша бастаған.

Газ тез жайылып, жақын маңдағы адамдар зардап шеккен. Оқиға орнына құтқарушылар мен медицина қызметкерлері жұмылдырылған.

Қайғылы жағдай порттағы еңбек қауіпсіздігі мәселесін көтеруге себеп болған. Апаттан кейін жұмысшылар қауіпсіздік шараларының жеткіліксіздігіне наразылық білдіріп, жұмысты тоқтатқан. Reuters мәліметінше, зардап шеккендердің саны 300-ден асқан.