Контентке өту
Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Алматыда өрт сөндіру көлігіне соғтығысқан жүргізіуші көз жұмды

Алматыда  өрт сөндіру көлігіне соғтығысқан жүргізіуші көз жұмды
Фото: видеодан кадр

Қайғылы жағдай Алматыда Әуезов пен Тимирязев көшелерінің қиылысында болған. Өрт сөндіру көлігі Тимирязев көшесімен шақыртуға бара жатқан, деп хабарлайды Arasha.kz.

Ол бағдаршамның қызыл түсіне қарамастан қиылысқа кірген. Ал Toyota Camry "Атакент" жағынан шығып, жасыл түске өтіп бара жатқан. Сол сәтте екі көлік соғылған. 

Өрт сөндіру көлігі жеңіл көлікті бірнеше ондаған метрге дейін сүйреп әкеткен. Салдарынан екі көлік те жолдан шығып, бағдаршамды қиратып, арықтың маңына барып тоқтаған. Өрт сөндіру көлігі жарық бағанына соғылған соң тоқтаса, Toyota Camry гүлзарға қарай ұшып кеткен. Жеңіл көлік соққыдан қатты майысып, жарамсыз күйге түскен. Оның жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты. Көлікте одан басқа ешкім болмаған. Құтқарушылар марқұмның денесін көлік ішінен әрең алып шыққан.