Ақмола облысында жүк пойызы ер адамды қағып кетті. Ол алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Arasha.kz.
Оқиға бейсенбі күні күндіз Шортанды мен Дамса ауылдарының арасындағы теміржол учаскесінде болған.
Көліктегі полиция департаменті абайсызда адам өліміне әкеп соққан теміржол көлігінің қозғалысы немесе оны пайдалану қауіпсіздігі қағидаларын бұзу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады.
Қазір полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.