Контентке өту
Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Алматы – Өскемен тасжолында жүк көлігі жүріп келе жатып өртенді

Алматы – Өскемен тасжолында жүк көлігі жүріп келе жатып өртенді
Фото: видеодан кадр

21 қарашада Алматы – Өскемен тасжолының 302-шақырымында DAF маркалы жүк көлігі өртенді. Оқиға кезінде кабинада жүргізуші жалғыз болған. Ол зардап шекпеді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Полицияның мәліметінше, өрт жүк көлігі қозғалыста болған кезде шыққан. Алдымен көліктің алдыңғы бөлігі отқа оранған.

Оқиға орнына тиісті қызмет мамандары барған. Қазір олар сол жерде жұмыс істеп жатыр.

Жүк көлігінің неден тұтанғаны әзірге белгісіз. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.