Контентке өту
Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Алматыдағы бес адамның өмірін қиған өрт: Баспанасыз қалған тұрғындар қайда орналастырылды?

Алматыдағы бес адамның өмірін қиған өрт: Баспанасыз қалған тұрғындар қайда орналастырылды?
Видеодан кадр: t.me/qumash_kz

Алматының Бостандық ауданында бес адамның өмірін қиған өрттен кейін жергілікті әкімдік зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсету шараларын қолға алды. Баспанасынан айырылған тоғыз адам уақытша қонақүйге орналастырылды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Алматы қаласы әкімдігінің мәліметінше, қайғылы оқиғадан зардап шеккен азаматтарға қажетті әлеуметтік және құқықтық қолдау көрсетіліп жатыр. Атап айтқанда, баспанасыз қалған тоғыз адам қонақүйге орналастырылған. Сонымен қатар оларға құжаттарын қалпына келтіруге және басқа да құқықтық мәселелерді шешуге көмек берілуде.

Бостандық ауданының әкімдігі дін өкілдерімен бірлесіп, өрт салдарынан қаза тапқан азаматтарды жерлеу рәсімін ұйымдастыруға жәрдемдесетінін хабарлады. Оқиға орнында аудан әкімі жұмыс істеп, төтенше жағдайлар қызметінің іс-қимылын және зардап шеккен тұрғындардың бірінші кезектегі мәселелерін шешуді үйлестіріп жатыр.

"Қаза тапқандардың туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз. Осы ауыр кезеңде олардың отбасына қажетті барлық қолдау көрсетіледі. Жағдай тұрақты бақылауда", – деп мәлімдеді Бостандық ауданы әкімдігінің өкілдері.

Алматы әкімдігі көмекке мұқтаж азаматтарға Бірыңғай байланыс орталығына жүгінуге болатынын ескертті. Тұрғындар 109 нөміріне тәулік бойы, демалыссыз хабарласа алады. Әзірге өрттің нақты неден шыққаны белгісіз. Қайғылы оқиғаның себептері мен мән-жайын құқық қорғау органдары анықтап жатыр.